Оқу жоспарлары
Барлығын бір жерден жоспарлаңыз
Оқу бағдарламасын, мақсаттарды, тоқсандар мен жеке сабақтарды әрдайым көз алдыңызда тұратын бір бағытқа біріктіріңіз.

Оқу бағдарламасына сай жоспар құрыңыз, ЖИ көмегімен сабақтар мен тесттер дайындаңыз, сыныптарды басқарыңыз — Bilim AI оқу жұмысының барлығын бір жерге жинайды
Мүмкіндіктерді көруBilim AI — Қазақстан мұғалімдеріне арналған ЖИ платформасы: жаңартылған бағдарлама бойынша жоспарлауды, сабақ пен тест құруды және сынып аналитикасын бір жерге біріктіреді. Ол ҰМЖ, ОМЖ, КТЖ және ҚМЖ, сабақтар мен презентациялар, БЖБ мен ТЖБ дайындауға, жұмыстарды фото арқылы тексеруге және әр оқушының нәтижесін бір кеңістікте көруге көмектеседі — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Оқу бағдарламасын, мақсаттарды, тоқсандар мен жеке сабақтарды әрдайым көз алдыңызда тұратын бір бағытқа біріктіріңіз.
Энергия электр және магнит өрістері арасында қалай ауысады?
Идеядан бастаңыз — сабақтың, тесттің немесе презентацияның негізі дайын болады. Содан кейін оны өзіңізге және сыныбыңызға ыңғайлы етіп өзгертіңіз.
Оқушылардың жауаптарына қарап, нені үйренгенін, қайда қиналғанын және неге көбірек көңіл бөлу керектігін анық көріңіз.
Bilim AI жұмысты жоспарлауға, материал дайындауға және оқушылардың нені үйренгенін көруге көмектеседі.
Bilim AI мұғалімді дайын үлгімен шектемейді. Құрылымды, тұжырымдарды, суреттер мен тапсырмаларды қолмен немесе жеке нұсқаулар арқылы өзгертіңіз — нәтижесінде сабақ толығымен өзіңіздікі болады.
Оқу мақсаттарын, тоқсандарды және жоспарлау форматтарын құжаттан құжатқа қолмен көшірудің қажеті жоқ. Bilim AI бағдарлама талаптарын сабақ тақырыптары мен материалдарымен байланыстырады.
Тестті жүйеде өткізіңіз немесе оқушыларға үйреншікті қағаз нұсқасын ұсыныңыз. Bilim AI жауап парақтарының фотосын оқып, барлық нәтижені бір жерде талдайды.
Материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасап, өз қажетіңізге қарай өзгертіңіз. Үздік материалдарыңызды жеке немесе мектеп кітапханасында сақтап, әріптестеріңізбен бөлісіңіз.






Қазақстан мектептерінің мұғалімдеріне — пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне және оқу ісінің меңгерушілеріне, — сондай-ақ жоспарлау, сабақ, бағалау және аналитика үшін біртұтас орта қажет мектептер мен оқу орталықтарына арналған. Bilim AI жаңартылған бағдарламамен және үш оқыту тілінде жұмыс істейді.
Оқу жоспарлары — ҰМЖ, ОМЖ, КТЖ және ҚМЖ, слайдтар мен тапсырмалары бар сабақтар, презентациялар, сондай-ақ жауаптарды автоматты түрде тексеретін БЖБ мен ТЖБ жиынтық жұмыстары — оның ішінде қағаз жұмыстардың фотосуреті бойынша.
Жоқ. Bilim AI дайындыққа кететін уақытты қысқартады, сондықтан мұғалімдер негізгі жұмысына — сабақ беріп, оқушылармен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөле алады.
Иә. Мұғалімдер ресми бағдарлама бойынша да, өздері таңдаған тақырып бойынша да сабақ жасай алады.
Әр сабақта түсіндірмелер, мысалдар, жаттығулар және білімді тексеруге арналған тапсырмалар бар — барлығы түсінікті ретпен берілген.
Иә. Bilim AI-дағы Материалдар галереясында мұғалімдер сабақтарымен бөлісіп, басқа авторлардың материалдарын тауып, оларды өз қажеттіліктеріне бейімдей алады.
Интерфейс пен материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Сабақты немесе тестті бір тілде жасап, басқа оқыту тіліндегі сыныпқа бейімдеуге, ал дайын материалдарды жеке немесе мектеп кітапханасында сақтауға болады.
Мұғалімдер үшін — иә: қазір ерте қолжетімділік кезеңі жүріп жатыр. Материалдарды жасау және өңдеу тегін, ал ЖИ генерациялары койн лимиті шегінде қолжетімді.
Иә, ерте қолжетімділік режимінде. Bilim AI app.bilimai.kz мекенжайында жұмыс істейді: қазір платформаны пилотқа қатысушы мектептер пайдаланады, ал мұғалімдер сабақтары бар Материалдар галереясы барлығына кірусіз ашық. Өзіңізді немесе мектебіңізді қосу үшін күту тізіміне өтінім қалдырыңыз — қолжетімділікті ашқанда хабарласамыз. Кейбір мүмкіндіктер әлі жетілдірілуде.
Алғашқы идеядан сынып нәтижесіне дейін Bilim AI мұғалімнің уақытын үнемдеп, сапалы білім беруге көмектеседі.










